Shejire

Әмеди Хәсенов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Әмеди Хасенов (1927-1990) - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1955), профессор (1988).

Өмірбаяны

ҚазПИ-ды бітірген (1949). 1952-1957 жылдары Алматы шетел тілдері педагогикалық институтында (казіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, жоғары партия мектебінің оқытушысы, Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері. 1957 жылдан өмірінің аяғына дейін шетел тілдері педогогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ және орыс тілдері, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми-зертеу еңбектері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері:

«Қазақ тіліндегі сан есімдер» (1957) «Жай сөйлемдер және синтаксисті оқытудың кейбір мәселелері» (1957) «Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері (1957) «Пунктуацияны оқыту жолдары» (1957) «Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері» (1985) «Тіл біліміне кіріспе» (1989) «Тіл білімі» (1996) т. б. Оның 8-сыныпқа арналып 1962 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқулығы осы уақытқа дейін оқытылып келеді.

Дереккөздер

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Әмеди Хәсенов
Туған күні
1927 (1927)
Ғылыми дәрежесі
филология ғылымдарының кандидаты
Қайтыс болған күні
1990 (1990)