Shejire

Алмажан Азаматқызы

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Ezra Cornell's first book
Public domain

Алмажан Азаматқызы (1823, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Бекетай-Бесқасқа ауылы — өлген жылы белгісіз) — ақын. Әкесі Азамат 1836 — 1837 жылдары Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жастайынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы — “Жетім қыз” дастаны. Дастан әділетсіз әкімдердің жетім-жесірлерге жасаған зорлық-зомбылығы әшкереленеді. “Жетім қыздың” басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға 2-жақтан баяндалады, аракідік қарасөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.

Дереккөздер