Shejire

Алматы Туры 2013

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Parcours du Tour d'Almaty 2013.This map  was created from OpenStreetMap project data, collected by the community. This map may be incomplete, and may contain errors. Don't rely solely on it for navigation.
OpenStreetMap contributors, Jérémy-Günther-Heinz Jähnick, d'après une carte réalisé par les organisateurs du Tour of Almaty 2013.OpenStreetMap contributors · CC BY-SA 2.0

Алматы Туры 2013 (ағылш. Tour of Almaty 2013) Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қамқорлығымен Қазақстанда ұйымдастырылаған алғашқы бір күндік тас жол веложарысы. Жарыс 2013 жылдың 6 қазан күні Алматы қаласында өтті. Бір күндік тас жол веложарысты өткізу туралы меморандумға Алматы қаласының әкімшілігі, UCI және Қазақстан велоспорты федерациясы арсында 2013 жылдың ақпанында қол қойылды. Бір айналымның қашықтығы – 31 километр. Жарыстың жалпы қашықтығы – 186 километр (6 айналым). Жарыстың жүлде қоры 39 900 еуроны құрайды, жеңімпаз 15 000 еуроға ие болды.

Командалар

Турдың жеңімпазы атану үшін 20 команда бақ сынасты: үш кәсіби құрлықтық команда, 12 құрлықтық команда, үш ұлттық команда, бір аймақтық команда және бір клуб. Жалпы алғанда алғашқы Tour of Almaty 2013 веложарысына 16 елдің командалары қатысады. Қазақстан атынан үш команда өкілдік етті: ұлттық құрама, Astana құрлықтық командасы және Vino 4-ever клубы. Сонымен қатар, жарысқа Ресейдің Itera-Katusha Team, Әзірбайжанның Synergy Baku Cycling Project, Италиядан, Австриядан, Украинадан, Латвиядан, Ираннан, Ирландиядан, Брунейден, Нидерландылардан, Франциядан, Польшадан, Өзбекстаннан, АҚШ-тан және Молдавиядан командалар қатысты.

Нәтижелер

Трансляция

Eurosport 2 Хабар Қазақстан Astana TV |31 KAZsport

Сыртқы сілтемелер

Турдың ресми сайты Мұрағатталған 18 желтоқсанның 2014 жылы. (қаз.) (орыс.) (ағыл.)

Мәліметтер

Кезеңдер
6 айналым
Қашықтық
186 километр
Өткізілу уақыты
6 қазан 2013