Shejire

Алмалық (көне қала)

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Alimali Nestorian steles, Yuan dynasty (1206-1368)
HaziiDozen · CC BY-SA 4.0

Алмалық — Орта ғасырдағы көне қала жұрты.

Географиялық орны

Іле өзенінің бойында, қазіргі ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы территориясында, Қазақстан шекарасындағы Қорғас ауылының солтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан.

Сипаты

Қираған қала орны шамамен 25 км2 аумақты алып жатыр. Кең ауқымды ресми археологиялық қазба жұмысы жүргізілген жоқ. 1950 жылы қытай археологі Хуан Вэнби және соңғы жылдарда Шыңжаң тарихи мұражайының археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қыш және фарфор, оның ішінде орта ғасырларда аса қымбат бағаланған қытайдың селадон фарфор ыдыстары, Шағатай ұлысының алтын, күміс теңгелері, металдан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен еңбек құралдары, түркі тілінде сөздер жазылған несториандық құлпытастар т. б. құнды мұралар табылды. Қаланың шығыс жағында Алмалықта билік жүргізген Тоғлық Темір ханның (1329 — 1363 жылдары) күмбезі бар. Алмалық туралы Шыңғысхан жорығына қатысушы қытай ғұламасы Чанчунь Жэнрэнның, шүршіт Елуичусайдың сапары туралы жазбаларда, «Юань тарихында», Алмалықтың өзінен шыққан тарихшы-ғалым Жамал Қаршидің «Мүлхакат әл-сурах» атты еңбегінде, сондай-ақ М. Х. Дулатидің, Рашид әд-Диннің, Жувейнидің, Бабырдың кітаптарында, армян патшасы Геитунның қолжазбаларында мол мағлұматтар келтірілген. Қаланың негізі қашан қаланғаны белгісіз. Оның бізге белгілі алғашқы билеушісі қарлұқ Озар Тұғырыл ханды Шыңғысханға тізе бүккені үшін Найман ханзадасы Күшлік өлтірген. Шағатай ұлысы кезінде Алмалық хандықтың жазғы ордасы болды. 14 ғасырдың басында ұлыс ыдыраған кезде Моғолстан (Шығыс Шағатай) астанасына айналды. Тарихи деректер бойынша Алмалық Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары барысында (1357, 1383, 1390 жылдар) күйреген. Жібек жолының негізгі күре тамырынан орын тепкен өзге де көптеген қалалармен қатар Алмалық та ірі сауда, мәдениет және саяси орталық ретінде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның орта ғасырлық тарихы мен мәдениетінде аса маңызды рөл атқарды.

Галерея

Ambrogio Lorenzetti, Martirio di cinque frati francescani, 1336-37 circa, dalla sala capitolare (detail)
Sailko · CC BY-SA 3.0

Дереккөздер

Kingdom of Chagatai in the Catalan Atlas (1375)
Cresques Abraham · Public domain
Tughlugh Timur Mausoleum (1363- ), exterior. Huocheng, Xinjiang, China
N.N. Pantusov (Николай Николаевич Пантусов; 1849-1909) (The original uploader was Abdullaev at орыс тілі Уикипедия.) · Public domain