Алма Шайымқызы Мырзабекова
Алма Шайымқызы Мырзабекова (19.10.1952 жылы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында туған) – философия ғылымдарының докторы (2008), профессор (2007). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1984) бітірген. Ленгер медицина училищесінде оқытушы (1974–76), Қазақ химия-технология институтында оқытушы (1977–80), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) аға оқытушы, доцент (1984–90), Қарағанды қаласындағы «Болашақ» институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1999–2007) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан профессор «Проблема культурной идентичности в контексте многообразия цивилизаций» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Дереккөздер
Cілтемелер
Философия Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы