Әліке батыр
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Әліке батыр (19 ғасыр) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, Базар батырдың туған бауыры. Руы — Қуандық. Әкесі — Ес батыр, шешесі — Кіші жүздегі Мамай батырдың қарындасы. Ағыбай, Байтабын батырлар сияқты Базар батырмен бірге көтерілісшілердің жекелеген қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындап тұрған. Зираты Қарағанды облысы Теңіз ауданы Сарыөзен ауылының батысындағы Тікенекті қорымында.