Shejire

Әлібек Бәйкенов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Әлібек Бәйкенов (1889 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы - 1944 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы) - ақын.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Нартай Бекежановтың концерттік бригадасының құрамында болған. 1943 жылы Республикалық айтыста Орынбай Таймановпен жыр сайысына түскен. Шығармалары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (3-том, 1966) жинақтарында жарияланды. Ақынның жеке туындылары мен ел арасынан жинаған материалдары Қазақстан ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.

Дереккөздер

Шежіредегі орны