Аймағанов Сатыбалды
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Сатыбалды Аймағанов, Аймұхамедов (1882, Біржан сал ауданы — 1962) — халық ақыны, жырау.
Өмірбаяны
Арғын арасындағы Қаңлы руынан шыққан.
Халықтың ауыз шығармашылығын жинап және оны таратушы, дастандар шығарушы, додалы айтыстарға қатысқан. Белгілі дастандары: «Айсары-Шорман» «Таттыбай мен екі батыр» «Азамат ерлер». 1946 ж. Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған Ақмола облысы бойынша экспедиция мүшелеріне Аймағанов «Айсары-Шорман» дастанын орындап берді. Шығарманының толық мәтіні М.Әуезов атындағы ҚР ҰҒА Әдебиет институты қорында сақтаулы.