Shejire

Әбіш Байтанаев

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Ezra Cornell's first book
Public domain

Әбіш Байтанаев (25.12.1910, Түркістан облысы Түркістан қаласы – 3.6.1993, Шымкент қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1976). КСРО Жоғары мектебінің үздік қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Петропавл қаласындағы жер өлшеу техникумын бітірген. «Лениншіл жас» (1932–1936, қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында қызмет атқарды. Майданнан оралған соң партия, кеңес органдарында, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде еңбек еткен. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Шымкент педагогика институтында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) сабақ берді. Байтанаетың ғылыми-зертханалық еңбектері қазақ романының теорияқ мәселелеріне арналған. «Шын шеберлік» (1969), «Орта мектептерде әдебиет теориясын оқыту» атты әдістемелік еңбек (1988) пен «Абай жолы айшықтары» монографиясының (1995) авторы. «М.О.Әуезовтің Абай туралы эпопеяны жасаудағы шеберлігі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның есімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауылындағы орта мектеп аталады. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7467 http://adebiet.kz/age0/administrator/index.php?option=com_content&task=view&id=3196&Itemid=23&limit=1&limitstart=8(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіндегі Әбіш Байтанаевқа арналған ескерткіш-тақта
Bekbal · CC BY-SA 4.0
Шежіредегі орны