Shejire

Әбдірахым Еламанов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Әбдірахым Еламанов (19 қыркүйек 1916, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Баян ауылы – 13 мамыр 1970, Алматы қаласы) — Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1962), ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1968). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1936). Агротехниктер мектебінде оқытушы (1936–1938), мал шаруашылығы стансасында ғылыми қызметкер (1938–1941) болған. Сібір мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1946–1952), Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры (1952–1960), Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары (1955–1956 және 1965–1970), министрі (1962–1964), Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясы мал шаруашылығы бөлімінің академик-хатшысы (1957–1961), Қазақстан Министрлер Кеңесінің кеңесшісі (1964–1965) қызметтерін атқарған. 1967 жылы «Основные вопросы создания новой породы и селекции мериносов на севере-востоке Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның негізгі ғылыми еңбектері қойдың жаңа тұқымдарын шығаруға, Қазақстанда қой шаруашылығын өркендету жүйесін жасауға арналған. Биязы жүнді байкал қойы (1956) мен солтүстік қазақ мериносын (1967) шығарушылардың бірі. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдермен марапатталған.

Дереккөздер

Шежіредегі орны