Абай жерінде
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Абай жерінде – "қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 3 бөлімді, қазақ-орыс-ұйғыр тіліндегі фильмі (1986). . Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Кұнанбаевтың шығармашылығына нәр берген Семей облысы Абай ауданының тарихы мен бүгіні жайлы фильм. Фильм кейіпкерлері ұлы жерлестерінің өлең-жырларын естерінде сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған қарапайым еңбекшілер шопандар, жылқышылар, олардың балалары мен немерелері. Режиссеры – Т.Ыбыраев, операторлары – А.Момынбеков, А.Федулов.