Shejire

Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықов

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықов (20.09.1922 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында — 18.12.2018) – ғалым, гидрогеолог, геология-минералогия ғылымының докторы (1966), профессор (1968). Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында ірі гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, гидрогеологиялық жән. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1989). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991). Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері.

Зерттеулер

Сыдықов көп жылдар бойы Орталық, Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймақтарында жер асты суларын іздеп, барлау, табиғи және қолданылуға жарамды қорларын анықтау, көп мөлшерлі жер асты тұщы және минералды (шипалы, ыстық, тұзды) сулар қорларын тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен айналысты. Сонымен қатар гидрогеологиялық карталарды жасау, тың жерлерді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, қатынас жолдары орындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әр аймақтың жер асты суларының экономиялық дамуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға тигізетін әсерін, ресурстарын қорғау бағытындағы зерттеу жұмыстарын басқарды. Арал және Каспий теңіздері алаптарындағы жер асты ағынының шаруашылықты игеруге байланысты өзгеруін болжау теориясы мен әдістерін негіздеді.

Марапаттар

Сыдықов “Халықтар достығы”, Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған (1980), алты жүз жиырмадан астам ғылыми еңбек жазған (оның ішінде қырықтан астам монографиясы бар).

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықов
Туған жері
Ақсу ауылы, Алматы облысы,  Қазақстан
Туған күні
1922 ж. қыркүйектің 20 (1922—09—20) (103 жас)
Альма-матер
Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ғылыми аясы
Геология
Ғылыми атағы
Профессор
Ғылыми дәрежесі
Геология-минерология ғылымдарының докторы
Қайтыс болған күні
18 желтоқсан 2018 (2018-12-18)