Shejire

Жұманбек Кенжебайұлы Жандосов

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жұманбек Кенжебайұлы Жандосов (7.9.1915, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылы — 21.8.2005, Алматы қаласы) - философия ғылым доктары, профессор, Қаныш Сәтбаев білім алған Теңдік мектебінің түлегі. ҚазМУ-ды (1940, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Еңбек жолын Баянауыл орта мектебінде мұғалім болып бастаған,

1940-42 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін Қарағанды облысы партия комитетінде, Қазақ КСР «Білім» қоғамының төрағасы, 1947-50 жылы Қарағанды облысы партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, 1950-56 жылы Алматы облысы партия комитетінде хатшы, 1960-81 жылы «Білім» қоғамы төрағасының 1-орынбасары, «Друг читателя» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. 1983 жылдан Қазақ КСР Халық ағарту министрінің Мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтында аға оқытушы болды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Дереккөздер