Shejire

Жиенбек Жұманбайұлы Рсалдин

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жиенбек Жұманбайұлы Рсалдин (1925-1997) — муз. зерттеуші. КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1968). Қазақстанның еңбек сіңiрген өнер қайраткері (1989). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қарағанды мұғалімдер институтын (1951), Алматы консерваториясын (проф. Б.Жылысбаевтың класы бойынша ) бітірген (1959) . 1959-1984 ж. Қазақ телевизиясының муз . редакторы, бас редакторы әрі көркемдік жетекшісі . Қаз КСРҒА-ның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері , Қазақ энциклопедиясында өнер және архитектура редакциясының меңгерушісі ,Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің нұсқаушысы , Алматы муз . училишесінің директоры.1984 жылдан ҚазКСР Орт мемл. мұражайы муз.мәдениеті бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақ комозиторларының , орыс және шетел классикалық музыкасына арналған көптеген мақалалардың , радиотелехабарлардың , муз. пьесалар , ғылыми зерттеулер мен рецензиялардың авторы. КСРО Композиторлары 5-7-съездерінін делегаты. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Жиенбек Жұманбайұлы Рсалдин
Қызметі
музыкатанушы
Туған жері
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Рассвет кеңшары
Туған күні
31 желтоқсан 1925 (1925-12-31)
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
25 қаңтар 1997 (1997-01-25) (71 жас)
Марапаттары мен сыйлықтары
Отан соғысы ордені