Shejire

Жезқазған облысы

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жезқазған облысы — Қазақ КСР (1973—1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы - Жезқазған қаласы.

Географиясы

Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде орналасты. Ауданы 313,4 мың.км².

Тарихы

1973 жылдың 20 наурызында Қазақ КСР құрамында Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. Сонымен бірге облыста Ақадыр ауданы құрылды. 1973 жылы 24 желтоқсанда облыстық бағыныстағы Никольский қаласы құрылды. 1974 жылы 10 қарашада Жезқазған ауданы Ұлытау ауданы болып өзгертілді. 1977 жылы 15 ақпанда Приозёрный ауданы құрылды. 1990 жылы 13 қыркүйекте облыстық бағыныстағы Никольский қаласы Сәтбаев қаласы болып өзгертілді. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының құрамында. 1993 жылы 4 мамырда Приозёрный ауданы Тоқырауын ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, қайтадан Қарағанды облысының құрамына енді. 2022 жылы 8 маусымда бұрынғы Жезқазған облысының батыс бөлігінде Ұлытау облысы құрылды.

Әкімшілік бөлінуі

1989 жылы Жезқазған облысының құрамына 4 облыстық бағыныстағы қала және 7 аудан кірді:

Әкімдері

Қазақстан КП Жезқазған облыстық комитеті

Григорий Петрович Юрченко (1992–1994) Альберт Гергардович Саламатин (1994) Қажымұрат Ыбырайұлы Нағыманов (1994–1996) Ерлан Байкенұлы Смаилов (1996–1997)

Сілтемелер

Всемирный исторический проект Мұрағатталған 7 қаңтардың 2008 жылы.

Дереккөздер

Málimetter

Әкім
Нағманов Қажмұрат Ибрайұлы (1995-1996)
Енеді
7 аудан
Кіреді
Қазақ КСР, Қазақстан
Тұрғыны
496 007[1] адам (1989)
Жер аумағы
313 400 км²
Құрылған уақыты
20 наурыз 1973
Таратылған уақыты
3 мамыр 1997
Әкімшілік орталығы
Жезқазған