Shejire

Жетісай

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жетісай — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы қала, аудан және Жетісай қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Түркістан қаласынан онтүстік-батысқа қарай 393 км жерде, «Достық» каналының сол жағалауында, Сырдария алабында орналасқан.

Халқы

Тарихы

Мырзашөлде Достық (Киров атындағы) канал құрлысының жүргізілуіне және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланды. 1951 жылы кентке, 1969 жылы қалаға айналды.

Инфақұрылымы

Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада «Сырдария» университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, «Жетісай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, аурухана, емхана, орталық кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ж. арқылы халықар. Ташкент – Сырдария – Бұхара темір жол өтеді.

Дереккөздер

Málimetter

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Жетісай
Облысы
Түркістан
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
45 130[1] адам (2023)
Ресми тілі
қазақ тілі
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
40°46′ с. е. 68°19′ ш. б. / 40.767° с. е. 68.317° ш. б. / 40.767; 68.317 (G) (O) …