Shejire

Жарқын Айталиұлы Айталиев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жарқын Айталиұлы Айталиев (15.8.1903, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Шоңай ауылы – 26.9.1970, Алматы қаласы) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1958).

Өмірбаяны

Томск технологиялық институтын бітірген (1930). 1930–38 жылы Оңтүстік және Орталық Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған. 1938–48 жылы халық шаруашылығына, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды. Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, геология бөлімінің меңгерушісі (1948–56) Қазақстан Геология министрінің орынбасары (1957–61) Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физикалық география институтының сектор меңгерушісі (1963–67) болды. Айталиевтің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба–Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı