Shejire

Жақыпбек Жанғозин

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жақыпбек Жанғозин (20 қазан 1913, №2 ауыл, Ақмола облысы, Ресей империясы — 10 қазан 1969, Қарағанды, Қазақ КСР) — кеңестік қазақ партия әрі мемлекет қайраткері. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы (1947 – 1951). Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары (1951 – 1953).

Өмірбаяны

1931 жылы Семей кооперативтік техникумын, 1936 жылы — Мәскеу кеңестік кооперативтік сауда институтын, 1941 жылы — БК(б)П ОК қарамағындағы жоғары партия мектебін бітірді.

1936-1937 жылдары — Алматы қалалық БЛКЖО комитетінің бөлім меңгерушісі болды, 1937-1938 жылдары — Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісі болды, 1938-1939 жылдары — №51 орта мектеп директоры болды, 1939-1940 жылдары — Алматы педагогикалық училищесінің директоры болды, 1940 жылы — Қазақстан КП(б) Алматы қалалық комитеті ұйымдастыру-нұсқау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды, 1941-1942 жылдары — Қазақстан КП(б) ОК кадр бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан КП(б) ОК сауда және қоғамдық тамақтандыру бөлімінің меңгерушісі болды, 1942-1943 жылдары — Қазақстан КП(б) Қарағанды облыстық комитетінің сауда және қоғамдық тамақтандыру жөніндегі хатшысы болды, 1943-1945 жылдары — Қазақстан КП(б) Алматы облыстық комитетінің екінші хатшысы болды, 1945—1951 жылдары — Қазақстан КП(б) Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды, 1947—1951 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болды, 1951-1953 жылдары — Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болды, 1953-1957 жылдары — Қазақ КСР Сауда министрі болды, 1957-1960 жылдары — Ақмола облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды, 1960—1963 жылдары — Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды, 1963-1964 жылдары — Павлодар ауылдық облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды, 1964-1968 жылдары — Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. 1968-1969 жылдары — Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылым депутаты (1946-1950).

Марапаттары мен атақтары

Ленин ордені, II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Әдебиет

XXI съезд КПСС. Стенографический отчёт, тт. 1-2. — Москва, 1959. Meissner B. The Communist Party of the Soviet Union. — Westport, 1975.

Сілтеме

1898-1991 ж. Коммунистік партия мен Кеңестік одағының тарихы жайлы анықтамалық

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Жақыпбек Жанғозин
Білімі
Мәскеу кеңестік кооперативтік сауда институты,БК(б)П ОК қарамағындағы жоғары партия мектебі
Ізашары
Нұрмұхамед Бозжанов
Ізбасары
Әмір Қанапияұлы
Партиясы
БК(б)П / КОКП
Қайтыс болуы
10 қазан 1969 (1969-10-10) (55 жас) Қарағанды, Қазақ КСР
Дүниеге келуі
20 қазан 1913 (1913-10-20) №2 ауыл, Ақмола облысы, Ресей империясы
Премьер-Министр
Елубай Тайбеков