Shejire

Жақсылық Биғұлұлы Мырзабеков

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жақсылық Биғұлұлы Мырзабеков (23.11.1943 жылы, Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылында туған) – ветеринария ғылымдарының докторы (1995), профессор (1995). ҚР Жаратылыстану ғылыи академиясының академигі (1995). Қазақ КСР-і Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (1989), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Еуразиялық нарық институтын (1998) бітірген. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аспирант, ғылыми қызметкер, ассистент, доцент, профессор (1968–1994), проректор (1994–2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан кафедра меңгерушісі.«Гигиенические и технологические способы повышения здоровья и продуктивности животных на молочных фермах и комплексах» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. 140-қа жуық ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.

Дереккөздер

Cілтемелер

Ветеринария Жаратылыстану Малдәрігері