Shejire

Зашквара Владимир Васильевич

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Владимир Васильевич Зашквара (20.2.1928, Украина, Днепропетровск қ. – 8.9. 1996, Алматы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1985).

Қызмет жолы

Харьков университетін бітірген (1952). 1952 – 63 ж. Харьков политехникалық институтында оқытушы 1963 – 92 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында кіші, аға ғылы қызметкер, лаборатория меңгерушісі 1992 – 96 ж. Қазақстан ҒА-ның Физика-техника институтында лаборатория меңгерушісі болды.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары физикалық электроника саласына арналған. Зашквара цилиндр және сфера тәрізді электрстатикалық айнаға негізделген энергия талдағыш жүйелердің электрондық оптикасын, қатты дене бетінің электрондық спектроскопиясын зерттеді, параметрлері әр түрлі спектрометрлерді құрастырды.

Шығармасы: Фокусировка пучка быстрых заряженных частиц в электростатическом зеркале с цилиндрическим полем, “Техническая физика”, т. 38, в. Қ, 1968.

Марапаттары

Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1992).

Дереккөздер

Şejiredegi ornı