Ырғақты қара сөз
Salt-dástúrJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Ырғақты қара сөз немесе Ритмикалық проза деп шешендік қара сөзді айтады. Сөйлем, сөйлемшелердің өренкті ықшамдылығынан ырғақ реттілігі байқалып тұрады. Бұл термин ежелгі грек, латын және орта ғасыр әдебиетінде қалыптасты, сөйтіп 16-19 ғасырларда Еуропа прозасына әсер етті. Бұл әсіресе Карамзин және Гогольдің шығармаларынан байқалады. Ритмикалық прозаны өлеңмен шатастыруға болмайды. Қазақтың шешендік қара сөздерінде ырғақ бар. Қазақ әдебиетінде, мысалы, Аймауытовтың шығармаларында ырғақты қар сөз үлгісі кездеседі .