Shejire

Владимир Святославич

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Russian icon of XV-XVI c. with St. Vladimir, Boris and Gleb. Икона новгородской школы, 33.5 х 29 мм, с изображением св. Владимира, Бориса и Глеба. Находится в дом-музее П. Д. Корина (филиал ГТГ), Москва, Россия. Воспроизводится по изданию: Лазарев В.Н. «Страницы истории новгородской живописи. Двусторонние таблетки из собора Св. Софии в Новгороде». М., Искусство, 1983 

Икона двусторонняя, на лицевой стороне - Преображение.
anonimous, Novgorod · Public domain

Ұлы Владимир делінетін Владимир I Святославич (ежелгі орыс. Володимѣръ Свѧтославичь, шоқынған есімі: Василий) — 970 жылдан Новгород кінәзі және 978 жылдан 1015 жылғы өліміне дейін Киев Ұлы Кінәзі. Католик пен Шығыс православие шіркеулері оны Әулие Владимир деп канондаған. Владимирдің әкесі Рюрик әулетінен шыққан Святослав Игоревич еді. 972 жылғы Святослав өлімінен кейін Владимирдің бауыры Ярополк Русьтің жалғыз билеушісі боламын деп басқа бауыры Олегті өлтірді де, Новгород кінәзі Владимир шетелге қашуға мәжбүр болды. Владимир варягтар әскерін жинап, 978 жылы Ярополкті биліктен қуды. 980 жылға қарай Владимир өз патшалығын Балтық теңізіне бекітіп, шекараларды болгарлардың, Балтық тайпаларының және шығыс көшпенділерінің шабуылдарынан қорғады. Бұрын пұтқа табынған Владимир 988 жылы христиан дінін қабылдады, көп ұзамай Киев Русін шоқындырды.

Өмірбаяны

Владимир норман-русь кінәзі Святослав Игоревичтің ұлы мен X–XIII ғасырларда билік құрған Рюрик әулетінің мүшесі еді. 970 жылы ол Новгород кінәзі атанды. Әкесінің өлімінен кейін Владимирдің бауыры Ярополк Святославич Русьтегі билікті өзіне аламын деп өзге бауыры Олег Святославичті өлтіреді. Туысынан көмек алған Владимир осы себептен шетелге кетуге мәжбүр болады. 978 жылы ол Ярополктің орнын алды. 980 жылға қарай ол Русь жерін қазіргі Украинадан Балтық теңізіне дейін кеңейтті. Христиан діні Киев Русінде болса да, кінәз Владимир пұтқа табына берді, 7 түрлі әйелге үйленді, храмдар бастады. Бірнеше дереккөз ақпаратынша ол, оған қоса, адамдарды құрбандыққа да шалды. Византия басшысы II Бәзіл Русьтен әскери көмек аламын деп Владимирмен келісім жасайды. Келісім бойынша Владимир Бәзілдің қарындасы Аннаға үйленеді де, христиандық дінін қабылдайды. Шоқынғанда Василий (Бәзіл) есімін алған ол Корсун жерін жаулайды. Владимир тағы Русьті шоқындырады да, мемлекет шіркеу славян тілі мен Византия салтын қабылдайды. Византиялықтар осы арқылы Русьтегі ықпалын көбейтіп, Киевте грек митрополитін тағайындайды. Владимир білім беру, заң мен қайырымдылық салаларын аса дамытып, Десятиналық шіркеу сияқты соборлар бастайды. Әйелі византиялық Анна өлімінен кейін Владимир Қасиетті Рим империясы билеушілер отбасына үйленді. Оның бұл некеден туған қызы кейін I Казимирдің консорты атанды.

Маңыздылығы мен еске алу

Шығыс православие, византиялық лютеран мен католик шіркеулері 15/28 шілде күнін Әулие Владимир құрметіне арнайды. Украинадағы Владимир құрметіне аталған Владимир қаласын кінәздің өзі негіздеген еді. Ресейдегі Владимир қаласының негізделуін жасаған деп көбіне Владимир Мономах айтылады. Киев ең ірі шіркеулерінің бірі, Владимир соборы Владимир құрметіне аталған. Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті де бұрын Владимир есіміне ие еді. Америка Құрама Штаттарында орналасқан және Ресей империясы негіздеген Әулие Владимир ордені мен Әулие Владимир діни семинариясы да Владимирге арналған. Киев Русінің тарихы мен осылайша Владимир өмірбаянының Украинаға, не Ресейге тиесілі болғаны кеңестік заманнан бері талқыланады. Бүгінгі күні ол Украинаның да, Беларусьтің де, Ресейдің де тарихы, әрі символы делінеді.

Ескертпелер

Vladimir of Kiev on the Monument "Millennuim of Russia" in Veliky Novgorod
Дар Ветер · CC BY-SA 3.0

Дереккөздер

Зразок гривні 2006-ого року випуску
Национальный Банк Украины · Public domain
Reverse of srebrenik of Volodymyr the Great now in the Odesa Numismatics Museum.
Влад Федченко · Public domain
Пам'ятник князю Володимиру, Київ, Володимирська гірка
Andrii Prokopov86 · CC BY-SA 4.0
The Baptism of the Rus (Vasnetsov)
Pierre André Leclercq · Public domain
Statuette of ruler of Ukraine, Saint Volodymyr (980-1015) in Holland Park, London
Lemur12 ; processed by Off-shell · CC BY-SA 3.0
"Tsar" Vladimir (Great kneze Vladimir I of Kiev).
Unknown authorUnknown author · Public domain
Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Владимир Святославич
Діні
Пұтқа табыну, 988 жылдан православие
Жұбайы
.mw-parser-output .plainlist ol,.mw-parser-output .plainlist ul{line-height:inherit;list-style:none;margin:0;padding:0}.mw-parser-output .plainlist ol li,.mw-pa…
Ізашары
Святослав Игоревич
Ізбасары
Вышеслав Владимирович
Балалары
Бірнеше, соның ішінде Святополк пен Ярослав
Династия
Рюрик әулеті
Жерленді
Десятиналық шіркеу, Киев
Қайтыс болуы
15 шілде 1015 (1015-07-15) Берестово