Shejire

Ұлы Карл

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Appartient à l’ensemble documentaire : MonnFrCar
Charlemagne. Autorité émettrice de monnaie indéterminé. Atelier monétaire. Émetteur · Public domain

Карл, Ұлы Карл лат. Carolus Magnus, нем. Karolus Magnus, нем. Karl der Große, фр. Charlemagne, (2.4.742 – 28.1.814) – Франк империясының королі (768 – 814, 800 жылдан император), Каролингтер әулеті билігінің негізін қалаушы. 768 жылы Франк корольдігі бір бөлігінің королі атанды (екінші бөлік оның ағасы Карломанның иелігінде болды).

771 жылы біріккен Франк корольдігінің билеушісі болды. Ол көршілеріне қарсы үздіксіз соғыс жүргізіп (773 – 774; 776 – 777 жылы лангобардтарға қарсы, 788 жылы бавар герцогы Тассилонға қарсы; 777 – 804 жылдары сакстарға қарсы; 796 – 810 жылы Испанияда арабтарға қарсы, 791 – 799 жылы аварларға қарсы, 789 – 806 жылы батыс славян тайпаларына қарсы, тағы басқа), көптеген жерлерді жаулап алды; Кең байтақ Франк империясын құрды; 800 жылы Рим папасы Лев III оны император деп жариялады. Империясы көптеген халықтар мен тайпалардан тұрды. Ол шекараларды бекітіп, орталықтың билігін нығайтуға тырысты. Жергілікті жерлердегі қолдарында әскери-әкімшілік билігі бар графтардың үстінен мемлекет өкілдер (mіsgі domіnіcі) арқылы жиі-жиі тексерулер жүргізді. Иелігіндегі барлық халықтарға орындауға міндетті көптеген заңдар шығарды. Католик шіркеуіне сүйеніп, шіркеу қызметкерлерін жоғары мемл. лауазымдарға көтерді, епископ сайлауын өзі жүргізіп, жаңадан басып алынған жерлердің тұрғындарын бағындыруды қолға алды. Бірақ ол біртұтас мемлекет құра алмады. Ол өлгеннен кейін көп ұзамай немерелері империяны үшке бөліп алды (843). Осы бөлінген үш иелікте Батыс Еуропадағы жетекші 3 мемлекет (Франция, Германия, Италия) қалыптаса бастады. Карл тұсында Еуропада мәдениет біршама уақытқа қайтадан гүлденіп, ол “Каролингтік өрлеу” деп аталды.

Дереккөздер

Idealbild Karls des Großen
Альбрехт Дюрер · Public domain
Harun-Charlemagne
Julius Köckert · Public domain
This painting belongs to the Portraits of Kings of France, a series of portraits commissioned between 1837 and 1838 by Louis Philippe I and painted by various artists for the Musée historique de Versailles.
Louis-Félix Amiel · Public domain
Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Ұлы Карл
Анасы
Бертрада Лаонская
Әкесі
Пипин Короткий
Ізашары
Пипин Короткий
Ізбасары
Людовик I Благочестивый
Туған күні
2 сәуір 742 ж. (?)Льеж
Жерлеу рәсімі
Ахенский собор
Қайтыс болған күні
28 қаңтар 814 ж. (aged around 71)Ахен
Тақта отыру жылдары
768–814