Shejire

Тун жабғу

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тон жабғу қаған (туған жылы белгісіз – 630) – Батыс Түрік қағанатының билеушісі (612/618 – 630). Шегу қағанның інісі, Янг Соух тегіннің баласы. Ата тегі: Істемі - Тардуш қаған - Янг Соух тегін - Тон жабғу. Ағасы қайтыс болғаннан кейін қағандықтағы билікті өз қолына алды. Кейбір деректер бойынша Шегу қаған мен Тон жабғуды бір адам деп көрсетеді. Ордасын Мыңбұлақ (Цянь-цюань) деп атайтын жерге көшіреді. Әскерін жүз мыңнан асырып, теле тайпасын бағындырып, Иранды жаулап алуға қол жеткізді. Қол астындағы иеліктерге жаңа басшылар тағайындап, оларға сылифа (елтебер) деген титул берді. Сылифалардың іс-әрекетін қадағалап отыруды арнайы белгіленген ақсүйектерге тапсырды. Қытай императорымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оған қымбат сыйлықтар жіберіп тұрды және онымен Шығыс Түрік қағандығына қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасады. Алайда мұндай келісім көп ұзамай Тон Жабғудың өзінің туысы Баһадүр қағанныңдің (Сыби хан Мохеду) қолынан қаза табуына байланысты жүзеге аспай қалды.

Сілтеме

Тағы қараңыз

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Тун жабғу
Діні
Тәңіршілдік
Әкесі
Янг Соух тегін
Ізашары
Шегу қаған
Ізбасары
Баһадүр қаған
Балалары
Бөрі шад, Сы Жабғу қаған
Қайтыс болуы
630 (0630) Қазақстан
Дүниеге келуі
белгісіз Қазақстан
Түрік қағанатының билеушілері
Бумын қаған • Қара-Еске қаған • Мұқан қаған • Тобо қаған • Амрак қаған • Елтегін Бұйрық қаған • Баға Ышбара қаған • Жағбу Баға қаған • Тұлан қаған • Тардуш қаға…