Shejire

Түймекент орта ғасырлық қала

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Түймекент – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне археологиялық ескерткіш түріне жататын ортағасырлық қаланың орны.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылының оңтүстік-батыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауы.

Кезеңі

VІ-ХІІ ғасырлар.

Тарихи деректер

Қалада алғаш 1894 жылы В.В. Бартольд болып, бұл қалашық Тараздың орны емес деген пікір айтқан. 1936–38 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. 1986 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография инистутының тарих және мәдениет ескерткіштері қоғамының археологиялық экспедициясы отряды (жетекшісі К. Байпақов) қайта зерттеу жүргізді. Қалашықтың жобасын қағазға түсіріп, жол салу кезінде бұзылған жерлерін анықтады. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі Байпақов) кішігірім қазба жұмыстарын жүргізді.

Сипаты

Қалашықтың жобасы тікбұрышты, аумағы 250х310 м төбе. Бұрыштары дүниенің төрт нүктесімен бағыттас салынған. Айналдыра мұнаралы биік дуалмен қоршалған. Төрт қабырғасының әрқайсысының бойында 7 мұнара болған. Сыртқы дуалдың биіктігі 4-6 м, мұнараларының биіктігі 4,5-7 м. Қалашықтың сыртқы қақпалары солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс қабырғаларының бойында. Цитадельдің қираған орны қалашықтың ортасында. Оның табанының өлшемі 40х15 м, үстіңгі жағы 15х15 м. Цитадельдің оңтүстік аумағынан ұзындығы 40 м жалмен қоршалған ауласы жалғасады. Қалашықтың ішкі жағында көшелер мен оларды жағалай салынған тұрғын үйлердің іздері байқалады. Дуалдың бұзылған жерлері қабырғаның қам кірпіштер мен пахса блоктарынан қаланғандығын көрсетеді. Қабырғаның ені 7-8 м, сақталған биіктігі 3 м. Қазба барысында жиналған қыш ыдыстардың сынықтары мен археологиялық заттар VII-XII ғасырларға жатады. Түймекент қалашығында осы өңір билеушілерінің тұрған орданың орны болуы мүмкін деген де пікір бар. Ежелгі қаланың тармақталған инженерлік желілері, екі метрлік тереңдікте орналасқан екі су құбыры болған, бұл тұрғындардың тіршілігі мен қауіпсіздігін және өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді. Түймекент Ұлы Жібек жолының керуен жолдарының торабында орналасқан, бұл оның тұрақты гүлденіп, дамуын қамтамасыз етті. Ескі қала орны Қазақстанның мәдени мұрасының ең маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылады. Түймекентті зерттеу әлі күнге дейін жалғасып келеді. Халық арасында кездесетін аңыздардың біреуіне сәйкес, Түймекент қаласының негізін қалаған Көкшехан, ол қаланың іргесін қалап, оны өзінің қызы ханшайым Түйменің атымен атаған. Әкесі дүниеден өткеннен кейін дәл сол қызы қаланы жақсы басқарып, оның дамуы мен гүлденуіне көп үлесін қосқан.

Дереккөздер

Málimetter

Таразда
Тараз қалашығы • Көне көпірдің қирандылары • Қали Жүніс моншасы • Қарахан кесенесі • Тектұрмас күмбезі • Шамансұр күмбезі • Әбдіқадыр мешіті • Жүніс бай мешіті …
Қалануы
VI-XII ғасырлар
Мәртебесі
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°07′06″ с. е. 71°37′34″ ш. б. / 43.11833° с. е. 71.62611° ш. б. / 43.11833; 71.62611 (G)&…
Шу ауданында
Ақтөбе қалашығы
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Жуалы ауданында
Берікқара қорымы
Меркі ауданында
Меркі қалашығы