Shejire

Торғай облысы

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Торғай облысы — Қазақ КСР (1970–1988, 1990–1991) және Қазақстан Республикасының (1991–1997) құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Арқалық қаласы.

Географиясы

Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде, Есіл және Торғай өзендерінің алабында орналасты. Ауданы 111,9 мың. км2. Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола облысы және Жезқазған облыстарымен шекаралас болды.

Тарихы

1970 жылғы 23 қарашада Қазақ КСР-ның құрамындағы Қостанай облысының оңтүстік аудандарын Ақмола облысының батыс аудандарымен біріктіру арқылы Торғай облысы құрылды. Облыс орталығы болып Арқалық қаласы белгіленді. 1970 жылғы 4 желтоқсаннда Қима ауданы құрылды. 1977 жылғы 15 ақпанда Торғай облысының құрамында Амантоғай ауданы құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда облыс таратылды. 1990 жылғы 17 тамызда облыс қайтадан құрылып, құрамына Қостанай облысының Арқалық қаласы (әкімшілік орталығы), Амангелді, Арқалық, Жангелдин, Октябрь аудандары және Целиноград облысының Державин, Есіл, Жақсы, Жаңадала, Қима аудандары енді. Сонымен қатар Торғай облысы құрамында бұрынғы шекараларында әкімшілік орталығы Жалдама ауылында орналасқан Амантоғай ауданы қалпына келтірілді. Аудан құрамына Амангелді ауданының Амантоғай, Жалдама, Шақпақ ауылдық кеңестері, Арқалық ауданының Горняк, Мирный, Тасты ауылдық кеңестері, Державин ауданының Қарынсалды ауылдық кеңесі, Науырзым ауданының Бүйректал, Октябрь, Степняк ауылдық кеңестері енді. 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының құрамында. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай облысының территориясы Қостанай және Ақмола облыстарына бөлініп берілді.

Әкімшілік бөлінуі

1989 жылы Торғай облысының аумағында 1 облыстық бағыныстағы қала (Арқалық) және 9 аудан болды:

Халқы

Ұлттық құрамы

КСРО-ның 1970 жылғы халық санағы бойынша облыстың ұлттар құрамы төмендегідей болды: қазақтар (32,5 %), орыстар (33,7 %), украиндар (15 %), сондай-ақ немістер (5,2 %), белорустар (4,7 %), татарлар, өзбектер, башқұрттар, марилер, чуваштар, молдавандар, удмурттар, мордвалар және т.б. Халықтың орташа тығыздығы — 1 км2-ге 2,3 адам болды . Қала халқының үлесі 31 % (80 мың адам., 1975) құрады.

Әкімдер тізімі

Тағы қараңыз: Кеңестік Қазақстанның өңір басшылары Тағы қараңыз: Қазақстан облыстары әкімдерінің тізімі

Сыртқы сілтемелер

bse.sci-lib.com сайтындағы Тургайская область (ru)

Дереккөздер

Málimetter

Әкім
Брынкин Виталий Алексеевич (1995–1997)
Енеді
10 аудан
Кіреді
Қазақ КСР, Қазақстан
Тұрғыны
298 000[1] адам (1983)
Жер аумағы
111 900 км²
Құрылған уақыты
23 қараша 1970
Таратылған уақыты
22 сәуір 1997
Әкімшілік орталығы
Арқалық