Shejire

Томпақасар

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Томпақасар қалашығы (б.д.д. V-VI ғғ.- б.д. IV-V ғғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, көне қаланың орны.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің оңтүстік-батысында 60 км, Алтынасар қалашығынан оңтүстікке қарай 9,8 км жерде орналасқан.

Сипаты

Теңіз деңгейінен биіктігі – 102 м. Ертедегі Томпақасар қаласы үш бөліктен тұрады. Мәдени қабатының аумағы 7-10 м-ге жетеді. Алып жатқан алаңының аумағы 2 га. Зерттеу жұмыстарын 1946-1948 жылдары және 1950 жылы С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы жүргізген. Томпақасар – тік бұрышты құрылыс. Оның солтүстік бөлігінің қабырғасының биіктігі 10 м. Қазбадан қызыл кірпіш түстес қыш ыдыстар, шағын құмыралар, шыны моншақтар т. б. заттар табылған. 1983-1991 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (жетекшісі Л.М. Левина) қазба жұмыстары нәтижесінде 40 бөлме мен дуал қабырғалары, кіреберістері аршылды. Зерттеу барысында садақ оғы, керамика өнімдері, әшекей бұйымдар табылған. Үстіңгі құрылыс қабаты б. з. б. III-II ғасырларға жатқызылған. Бөлмелерінің қабырғалары саз-там кірпіштен тұрғызылған. Ішкі құрылымы суфа (тапшан), ошақ және шаруашылық шұңқырлардан тұрады. Алынған материалдар қоныстың б.д.д. V-VI ғасырлар мен б.д. IV-V ғасырларына дейін өмір сүргенін көрсетеді.

Дереккөздер

Málimetter

Қалануы
б.д.д. V-VI ғғ.- б.д. IV-V ғғ.
Мәртебесі
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
45°06′56″ с. е. 63°34′13″ ш. б. / 45.11556° с. е. 63.57028° ш. б. / 45.11556; 63.57028 (G)&…
Қызылордада
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бюсті • Айтбай мешіті • Құтқарушы Христос шіркеуі
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Арал ауданында
Бегім Ана мұнарасы
Шиелі ауданында
Асан ата кесенесі • Сауысқандық петроглифтері • Оқшы ата мазары
Қазалы ауданында
Ескі Қазалы ғимараттары (Ғани бай үйі • Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы • Қазалы кітапханасы • Ноғай (Нұралы) мешіті) • Теміржолшылар клубы ғимараты • Са…