Төкен Бегалыұлы Омаров
Şejiredegi ornıTūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Төкен Бегалыұлы Омаров (12 наурыз 1935 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылы) – астроном, физика-математика ғылымдарының докторы (1973), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академиясы (2003). Уақ тайпасынан шыққан. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1959). 1958 – 65 жылы Қазақстан ғылым академиясының Астрофизика институтында аға ғылыми қызметкер, директорының орынбасары (1966 – 74), директор (1974 – 84). 1984 жылдан осы институтта бөлім меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері аспан механикасына және космологияға арналған. “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
Астроном Физика Космология