Shejire

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нагрудный знак "Почётный гражданин города Астаны"
User:Kei · Public domain

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (8 наурыз, 1949 жыл, Қостанай облысы Денисов ауданы, Мениславка ауылы – 1 қараша 2021 жыл) — қазақстандық саясаткер. Бұрынғы Астана қаласы әкімдігінің, Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны

Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын (1972) жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1993) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - ассистенті, 1976 жылдан - аға оқытушысы. 1982 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы. 1985 жылдан - Бүкілодақтық ерікті «Еңбек резервтері» спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының орынбасары, 1988 жылдан - төрағасы.

1991 жылдан - Шетел туризмі бойынша «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының президенті. 1994 жылдан - Мемлекеттік «Яссауи» акционерлік компаниясының президенті. 1996 жылдан - ҚР Жастар, туризм және спорт істері министрі. 1997 жылдың наурызынан - ҚР Білім және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры. 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Президентінің іс басқарушысы. 2003 жылдың маусымынан - Астана қаласының әкімі. 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президентінің іс басқарушысы. 2006 жылдан 2011 жылға дейін - ҚР туризм және спорт министрі. 2011 жылдан 2015 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Ғылыми еңбектері

Педагогика ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Денешынықтыруға бағытталмаған ЖОО спортта жоғары жетістіктерге жетудің педагогикалық және ұйымдастырушылық негіздері».

Қоғамдық қызметі

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты.

Нагрудный знак к Почётному званию "Заслуженный деятель Казахстана"
http://sammler.ru · Public domain

Қосымша лауазымдары

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті (2006—2015). Халықаралық самбо федерациясының вице-президенті. Туризм бойынша Еуразиялық ассоциацияның вице-президенті. БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) вице-президенті. Азияның Олимпиадалық комитетінің вице-президенті. ТМД Туризм жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары. ҚР Су спорты түрлері федерациясының президенті (2008—2016).

Марапаттары

II дәрежелі «Барыс» (2003) РФ Достастығы (2004) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1983, 1985) марапатталған. КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Астана қаласының Құрметті азаматы (2009)

Отбасы

Әкесі - Досмухамбетов Мыңайдар (1924-1985), жұмысшы болған. Анасы - Оразбаева Орындық (1928 жылы туған). Үйленген. Жұбайы - Жұмабекова Сәуле Әмірқызы (1949 жылы туған), дәрігер. Қызы - Әлия (1975 жылы туған). Ұлы - Шыңғыс (1982 жылы туған).

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов
Білімі
Қазақ мемлекеттік университеті
Ізашары
Бірғаным Әйтімова
Ізбасары
Министрлік таратылды
Партиясы
Аманат
Президент
Нұрсұлтан Назарбаев
Қайтыс болуы
1 қараша 2021 (2021-11-01) (72 жас)
Дүниеге келуі
8 наурыз 1949 (1949-03-08) Мениславка ауылы, Денисов ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР
Премьер-Министр
Әкежан Қажыгелдин