Тәжиев Ыбрайым Таусиқұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Ыбырайым Таусиқұлы Тәжиев (20.4. 1904, қазіргі Сырдария ауданы Қараөзек өңірі – 28.9.1960, Мәскеу) – мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты (1948).
Өмірбаяны
1919 – 1920 жж. Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленді. Қазақ халық ағарту институтын (1923), Ленинград (Санкт-Петербург) политехникалық институтын (1931) бітірген. 1931 – 1933 жж. Мәскеудегі «Оргэнерго» мемлекеттік тресінде инженер, қуат тобы меңгерушісінің орынбасары, «Средазэнерго» тресінің бастығы болып істеді. 1933 – 1937 жж. Алматы орталық электр станциясының құрылысының, Алматы электр энергиясы басқармасының бастығы. 1937 – 1940 жж.[Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, халық комиссары, Қазақ КСР ХКК төрағасының орынбасары болды. 1940 – 1943 жж. Қарағанды СЭС-і құрылысының бастығы, КСРО электр станциялары халық комиссариатының бүкілодақтық «Главпромэнергомонтаж» бас басқармасының бастығы. 1943 – 1953 жж. Республикалық мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы және ХКК төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1954 – 1959 жж. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1959 – 1960 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі болды.
Марапаттары
3 рет Еңбек Қызыл Ту «Құрмет белгісі» ордендерімен медальдармен марапатталған.