Shejire

Тарсатөбе

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тарсатөбе – ежелгі мекен орны.

Географиялық орны

Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының солтүстік-батыс шетінде орналасқан.

Зерттелуі

1946 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.

Сипаты

Тарсатөбе тік төрт бұрышты, екі сатылы, аумақты алаң. Төбе биіктігі 12 м. Төменгі алаңның ені 65 м, ұзындығы 170 м, айнала бекініс іргелерімен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында көптеген қарапайым қыш ыдыстар табылған. Ең көне түрлері – тұтқалары қой бейнесінде жасалған ыдыстар. 6–8 ғасырларға тән ыдыстар ішінде оғыз тайпалары мәдениетін сипаттайтын белгілер кездеседі. Тұрғындары мал өсірумен, аңшылықпен және егіншілік кәсіптермен шұғылданған. Тұрғын үй және басқа да әлеуметтік құрылыс нысандарына күйдірілген кірпіш пайдаланған. Археологиялық қазба нәтижесінде табылған заттарға қарағанда Тарсатөбеде б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 9 ғасыр аралығында өмір сүрген.

Дереккөздер