Shejire

Талғат Сайрамбаев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Талғат Сайрамбаев (19.2.1937 жылдары туған, қазіргі Бәйдібек ауданы Сыпатаев ауылы ) – ғалым, филология ғылым докторы (1983), профессор (1985). Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.

Шымкент педогогикалық институтын бітірген (1960). Тіл білімі, қазақ тілі синтаксисі саласының маманы. 1960 – 61 жылдары орта мектеп мұғалімі; 1961 – 64 жылдары ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспиранты;, 1964 – 71 жылдары Қызылорда педогогикалық институтында қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; 1971 жылдан бастап доцент, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, дайындық факултетінің деканы, филология факултетінің профессор қызметінде. 30 ғылым кандидатын, 2 ғылым докторын даярлаған. Жалпы жарық көрген еңбектерінің саны 200-ден асады.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı