Тәкібаев Жабағы Сүлейменұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев (28.09.1919, Семей – 31.10.2016, Алматы) – физик, физика-математика ғылымдарының докторы (1958), Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі (1958), профессор (1959), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967).
Өмірбаяны
Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік Университетін бітірген (1942). 1942–1944 жылы Нүкіс қаласындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы. 1944–1949 жылы КСРО Ғылым Академиясының П. Н. Лебедев атындағы физика институтында аспирант. 1949–1951 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Астрономия және Физика Институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі. 1951–1957 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Физика-Техникалық Институтының директоры. 1957–1970 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Ядролық Физика Институтының директоры, бөлім меңгерушісі. 1970–1981 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Жоғары Энергия Физикасы Институтының директоры, лаборатория меңгерушісі. 1962–1971 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының вице-президенті. 1981–1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кеңесшісі (1992). 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығының ғылыми жетекшісі.
Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері классикалық электродинамикаға, ғарыштық сәулелер физикасына, жоғары энергия физикасына арналған.