Shejire

Тайыр Жомартбаев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург. Көкбай медресесінде білім алып, 1911 жылы Уфадағы “Ғалия” медресесін бітірген. 1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты. 1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді. 1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды. Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, 1956 жылы ақталды.

Сілтеме

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Тайыр Жомартбаев
Ұлты
қазақ
Мансабы
жазушы, драматург, мұғалім
Туған жері
Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы
Туған күні
1884 (1884)
Азаматтығы
Ресей империясы→ КСРО  Қазақ КСР
Қайтыс болған жері
Семей, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО
Қайтыс болған күні
1937 (1937)
Туған кездегі есімі
Тайлақбай Жомартбаев