Сүбебек Нұрбаев
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

(3.1.1898, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қандыағаша - 10.3.1974, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы) - ақын. Найман тайпасы Қаракерей руы Ақымбет бөлімінен шыққан. Жастайынан өлең шығарып, айтысқа түскен. "Октябрь таңы", "Шындық", "Жас өмір", "Алтай тауына", "Өмір", "Шопандар туралы", "Домбыра туралы", "Ақын туралы", "Халқыма", т.б. өлеңдердің авторы. Ақынның көлемді шығармаларының бірі - "Батырлар жорығы". Ақынның "Сарыарқама", "Ой толқыны", "Жан сырым" т.б. күйлері бар. Шығармалары "Еңбек күйі" (1972), "Шүғыла" (1977) топтама жинақтарында, "Қорқыт күйі" (1987) атты жеке кітабында басылып шықты.