Shejire

Сокольский Дмитрий Владимирович

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Фотография советского ученого-химика Д.В. Сокольского
из архива Института органического катализа и электрохимии им. Д.В. Сокольского · CC BY-SA 4.0

Дмитрий Владимирович Сокольский (4.4.1910, Пехлеви қаласы (Иран) – 1.3.1987, Алматы) – ғалым, профессор (1949). Қазақстан ҒА-ның академигі (1951), Қазақ КСР-інің ғылым қайраткері (1960). Социалистік Еңбек Ері (1969).

Қызмет жолы

Қазақстандағы катализдік химия ғылымы мектебін ұйымдастырған (1945 – 1971). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1934), аспирантурасын (1937) бітірген. 1937 – 1942 ж. қазіргі Қазақ ҰУ-де ғылыми қызметкер 1945 – 1948 ж. Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, 1951 – 1954 ж. ҒА-нда ғалым-хатшы 1965 – 1973 ж. Қазақстан ҒА-ның бірінші вице-президенті 1969 – 1987 жылдары Органикалық катализ және электрохимия институтының директоры болды.

Шығармалары

Негізгі ғылыми еңбектері каталитикалық гидрогендеу теориясы мен тиімділігі жоғары гидрлеу катализаторларын жасауға,гидратациялау, тотықтыру және кіші молекулалар негізінде синтездеу процестеріне, іргелі және қолданбалы ғылымды ұштастыруға арналған. Оның басқаруымен күрделі органикалық заттарды (майлар, хош иісті заттар, витаминдер, т.б.) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды. 1800-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 шетелдік патенті, 500-дей авторлық куәлігі және 18 монографиясы бар.

Гидрирование в растворах, А-А., 1962, 1979; Теория герерогенного катализа, А-А., 1968; Оптимальные катализаторы Гидрирование в растворах, А-А., 1970; Металлы-катализаторы гидрогенизаций, А-А., 1970; Катализ лигандами в водных растворах, А-А., 1972; Введение в теорию гетерогенного катализа, М., 1981.

Марапаттары

Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығын алған (1974). Екі рет Еңбек Қызыл Ту Ленин Халықтар достығы Құрмет белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı