Shejire

Шомбалов Тайыр Көкешұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Pneumatic trough, and other equipment, used by Joseph Priestley
Joseph Priestley (1733-1804) · Public domain

Тайыр Көкешұлы Шомбалов (14.6.1906, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Құлпан ауылы – 15.1.1980, Алматы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1966), профессор (1966). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).

Өмірбаяны

Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1930). 1930 – 1932 жылдары Ташкент қаласында инженер-химик. 1933 – 1934 жылдары бұрынғы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқытушы. 1934 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми жұмыстары

Шомбаловтың негізгі ғылыми еңбектері табиғи қосылыстар химиясына арналған. Ол [[органикалық химия]да] жаңа бағыт – өсімдіктер химиясын қалыптастырған. 300-ден аса өсімдіктің полифенолдық құрамын зерттеп, көптеген биологиялық активті заттар, жаңа емдік препараттар (лейкозфдин, хризарбин, т.б.) алып, оларды медицинаға енгізген. Оның 240-тан аса ғылыми еңбегі бар, 35 жұмысына авторлық куәлік алған.

Шығармашылығы

Некоторые итоги исследования дубильных растений Казахстана, А.-А., 1958 (соавт); Химия флавоноидов, в кн.: фенольные соединения и их биологические функции, М., 1968; Противоопухлевые свойства полифенолов растений и продуктов их модификации, в сб.: Химиотерапия опухлей в СССР, М., 1980 (соавт.).

Дереккөздер

Şejiredegi ornı