Shejire

Шаушықұмтөбе

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Шаушықұмтөбе – ортағасырлық қаланың орны.

Орналасқан жері

Түркістан облысы Шардара қаласының солтүстігінен 5 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағасында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

Қалашықта 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова), 1959-1963 жылдары Шардара археололгиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич) қазба жұмыстарын жүргізді. Қалашық үш бөліктен тұрады. Цитадель мен шахристан қорғаныс дуалдарымен қоршалған. Рабаттың қорғаныс құрылыстары жоқ. Шахристанның аумағы 250х250 м, 4-5 м. Оны қоршаған дуал қалдықтарының биіктігі 1 м. Ортада орналасқан цитадельдің аумағы 36,5х38 м. Қалашықтың жалпы биіктігі 10 м. Шардара су қоймасының салынуына байланысты зерттелген қалашық бұл күнде су астында қалған. Қазба жұмыстарының нәтижесі Шардара өзінен едәуір бұрын болған елді мекеннің орнына салынған бекініс екендігін көрсетті. Қазба кезінде табылған заттар кешені ескерткіштің I-VIII ғасырлар аралығында өмір сүрген адамдар тұрағы екенін көрсетті.

Дереккөздер

Málimetter

Қалануы
I-VIII ғасырлар
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы Шардара ауданы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай