Шашу биі
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Шашу - қазақ биі. Музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі. Муз. өлше-мі 6/8. Ырғағы өте екпінді. Алғаш 1934 жылы "Қыз Жібек" операсында орындалды. Би халықтың әдет-ғұрып дәстүрлерінің бірі шашу (құрт, ірімшік, өрік-мейіз, теңге, т.б.) шашу сәтін бейнелейді. Биді қойған А.А. Александров. "Шашу" биі 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілді. Қазір көптеген кәсіби және көркемөнерпаздар ансамбльдерінің репертуарында бар.