Шәріпке
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Шәріпке — Абайдың жазылған уақыты белгісіз өлеңдерінің бірі. Өлең 1855 – 1881 жылдар аралығында жазылған. Абайдағы арнау өлеңдері, әсіресе, ақын өмір сүрген әлеуметтік орта мен сол дәуірдің саяси-әлеуметтік оқиғаларын, заман шындығын танып білуде аса терең ғылыми мәні бар туындылар тобына жатады. Абай дүниетанымын білуде, көзқарасын тануда бұл арнау өлеңдердің мән-мағынасы зор, жөні бөлек. Осы ерекшелікті ерте таныған Мұхтар Әуезов Абай жазған арнау өлеңдерді түгел жинап, олардың кімдерге, қандай жағдайда жазылғанын анықтауға ерекше күш салды.
Өлең
Түңлікбайдың қатыны, атың – Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен – шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір бір сарып.