Шапқыншылық
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Шапқыншылық – бір елдің жерін, дүние-мүлкін тартып алып, халқын кұлдыққа түсіру үшін екінші бір елдің жасайтын қарулы шабуылы. Ежелгі және орта ғасырларда үздіксіз жүргізілген соғыстар, бейбіт халықты қырғынға ұшыратып, қалаларды, құрылыстарды қиратты. Мысалы, 17-18 ғасырларда 100 жылдан астам уақыт бойы қазақ жеріне жоңғар басқыншылары шапқыншылық жасады. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының Еуропа, Азия елдеріне, Кеңес Одағына жасаған қанды жорығы шапқыншылықтың айқын түрі.