Сәйділ Омарұлы Талжанов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Сәйділ Омарұлы Талжанов (6 желтоқсан 1906 жыл, Тоқтамыс ауылы, Нұра ауданы, Қарағанды облысы – 10 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — жазушы. аудармашы, ғалым, филология ғылымының докторы (1972). Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931). ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. 1956 - 72 Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин шығармаларын орыс тіліне аударған . Орыс қаламгерлері А.С. Пушкин. С.Талжанов, М.Горький, В.Г. Белинский, Ф.М Достоевскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Шығармалары
1957 жылы "Ұстаның үйі", 1959 жылы "Степной Сокол", 1965 жылы "Адам туралы аңыз", 1979 жылы "Өткен күндер сөйлейді" атты кітабы жарық көрді. "Жол болсын", "Шындық шұбар", "Түсінбеймін" деген өлеңдері "Жаңа әдебиет" журналдарына басылып шықты.