Shejire

Сай-Өтес эксперименті

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сай-Өтес эксперименті (ресми емес атауы Маңғышлақ) – кеңес үкіметінің өндірістік мақсаттағы термоядролық жарылыстары (мақсаты шөлейт, құрғақ жерлерде су қорын жинауға арналған үлкен ойық жасау болатын) болып табылады. Эксперимент 1969-1970 жылдары жүргізілген және бірнеше жерасты жарылыстары болған. Құжаттар бойынша, экспериментті атқару Орташа машинажасау министрлігіне жүктеліп, Сай-Өтес ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 100-115 шақырым жерден (қазіргі Маңғыстау облысы) эксперимент өткізуге орын бөлінген Осы жобаның аясында үш сынақ өткізілген. Екі жарылыстың нәтижесінде эксперимент ішінара орындалып, жер беті аздап шұңқырайған. Бірақ эксперимент табысты болмады. Себебі жерастындағы тау жыныстары жарылған кезде бірақ үгітіліп кетпей, жиналған су кесек тастардың арасынан тоқтамай ағып кете берді.

Дереккөздер