Shejire

Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатай

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатай (11.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы – 2003, Алматы қаласы) – философия ғылымының докторы (1995), профессор (1999). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушы (1969–71), Мәдениет министрлігінің қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының ректоры, Мәдениет проблемалары орталығында ғылым бөлімінің меңгерушісі (1988–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚР ҒМ–ғылым академиясының Философия институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. «Мировоззренческий синкретизм казахов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ақатай 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монографияның авторы.

Шығармалар

Тереңнен тартқан тамырлар, Ақатай, 1989; Інжу-маржан секілді, Ақатай, 1995. Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар; Тарихи материалдар. Қайта басылған — Алматы: Print-Express, 2011 [1990]. — P. 424-б., 8 ж.б. — ISBN 978-601-7046-23-1.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı