Shejire

Рза Қунақова

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Рза Қунақова (14.12.1937, Қордай ауданы, Шарбақты ауылы – 30.4.1995, Алматы) – ақын, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» газетінде бастап, «Қазақстан пионері» газеті мен «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері» журналында тілші, редактор, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып еңбек етті. Қунақованың тұңғыш кітабы «Сурет» деген атпен 1963 жылы жарық көрген. Одан кейін «Жас жүректер» (1965), «Жәннәт жер» (1967), «Керімсал» (1971), «Ерке елік» (1973), «Кемпірқосақ» (1977), «Келеді көктем» (1979), «Аққулы жаз» (1982), «Менің достарым» (1983), «Қызыл жалау» (1985) сияқты өлең кітаптары жарияланған. Қунаваның қаламынан «Ол он жетіде еді» (1975) атты прозалық шығарма дүниеге келген. 2000 жылы «Сырымды айтам» атты бұрын жарияланбаған жырлары жеке кітап болып басылды. Қордай атындағы Ырғайты орта мектебіне Қунакова есімі берілген.

Дереккөздер