Құтқарушы Иса храмы (Орал)
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Құткарушы Иса храмы - христиандардың Орал қаласындағы ғибадат орны. Жайық казак-орыстарының әскери жорықтарға Ресей армиясымен бірге қатысқанына 300 жыл (1591-1891) толуына байланысты салынған храм (жоба авторы —В.Н.Чагин, архитектор — Железнов пен Тэц). Храмның іргесі 1891 жылы қаланып, құрылысы 1907 жылы аяқталған. Қоғамдық негізде жиналған қаражатқа салынды. Ол 15-18 ғасырдағы жаңа мәскеулік архитектуралық әдібі бойынша тұрғызылды. 1982 жылға дейін храм үйіне жергілікті музей орналасты, қазіргі кезде ол діни қоғамға берілді.