Құшыр
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Құшыр - XIII-XIV ғасырларда көшпелі тұрғындардан жиналатын, жан басына салынатын негізгі салық.
Салықтың алынуы
Құшыр атауы іс жүзінде көшпелі малшылардан да (мал басының 1%-ы көлемінде), қалалар мен қоныстардағы егіншілікпен айналысатын тұрғындардың да жан басына салынатын алымды білдіреді. Салық әскерді, поштаны, шенеуніктер аппаратын ұстауға жұмсалды. Құшыр Қазақстанда моңғол шапқыншылығынан салына бастады. Құшыр барлық моңғол мемлекеттеріне, соның ішінде Алтын Орда мен Шағатай ұлысына тарады. Құшыр Қазақстанда көшпелілерден кейініректе жиналды.