Құба би Өтебайұлы
TūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Құба би Өтебайұлы (1700–1796) – би. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) тармағынан шыққан. Сыр, Торғай, Ырғыз өзендері аралығын мекендеген қазақтар арасында әділ билігімен аты қалған. Құба би мен оның ағайын, замандастары Бәйтік, Тоғанас, Зарқұм батырлар жөніндегі деректер Қазан төңкерісіне дейінгі жазбаларда жиі кездеседі. Шежіре: Құба-Өтебай-Әлдеберлі-Келмембет (Сарқасқа)-Келдібай-Бозғыл-Шөмекей