Shejire

Қуанған Жұмаханұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қуанған Жұмаханұлы (1951, Моңғолия, Баян Өлгий аймағы, - 23.5.1996, Өлгий қаласы) - ақын, аудармашы, филол. ғыл. канд. (1993). Улан Батордағы Моңғолия мемлекітінің университетін (1972), Мәскеудегі Әдебиет институтын (1985) бітірген. Баян Өлгий аймақтық жазушылар одағының хатшысы, "Невада-Семей" Халықаралық қозғалысының Баян Өлгий аймақтық бөлімшесінің төрағасы, осы қозғалыс үні "Заман-ай" газетінің редакторы, өмірінің соңғы жылдарында Баян Өлгий аймақтық "Жаңа өмір" газетінің сарапшысы қызметін атқарған. Моңғол әдебиетінің классиктері Д.Нацагдорж, Б.Ренчин, Б.Явуухулан шығармаларын қазақ тіліне, Ж.Жабаев, Ж.Молдағалиев т.б. қазақ ақындары туындыларын моңғол тіліне аударған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı