Shejire

Қонысбай

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қонысбай төрткүлі (X-XII ғғ.) – ескі бекініс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Жетібай ауылынан солтүстікке қарай 9 км қашықтықта, Тараз–Тегістік тасжолынан солға қарай 50 м жерде орналасқан.

Зерттелуі

1936 жылы Жамбыл археологиялық экспедиция ашып зерттеді (жетекшісі А.Н. Бернштам). 1983 Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы зерттеу жүргізіп, жобасы мен кесіндісін жасады (жетекшісі М. Елеуов). 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов, Д.А. Лобас) зерттеді. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсірді.

Сипаты

Төрткүл жоспарда шаршы тәрізді, қабырғаларының ұзындығы -270 м, қабырғалары сәл ауытқушылықпен дүниенің тараптарына қараған. Мұнаралы дуалмен қоршалған. Шығыс және батыс қабырғаларында алтыдан, солтүстік және оңтүстік қабырғаларда төрттен (бұрыштардағы және қақпа мұналарын есептемегенде) мұнаралар бар. Қақпалары оңтүстік және солтүстік қабырғаларының орта тұсында орналасқан. Олардың конфигурациялары Г-тектес. Төрткүл үш жағынан ені 11 м, тереңдігі 1,5 м ормен қоршалған. Солтүстік қабырғаның ортасынан оған қамыс өскен ескі арна жапсарласады. Ұзындығы 110, ені 1 м, тереңдігі 4 м кесік дуалдың ені 6,75 м, сақталған биіктігі 2,3 м болып келген бекініс қабырғалары болғандығын анықтады. Ол пахса қабаттарынан тұрғызылған.

Дереккөздер

Málimetter

Қалануы
X-XII ғасырлар.
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.
Орналасуы
43°11′44″ с. е. 71°25′45″ ш. б. / 43.19556° с. е. 71.42917° ш. б. / 43.19556; 71.42917 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы